Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 153 науқас инфекциялық стационарларда ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның 122-сі Орал қаласындағы модульдік ауруханада ем алуда.
Қазіргі кезде стационарлар 17,6 пайызға толған. 15 пациент ауыр халде, олардың арасында инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар жоқ.
Облыста сондай-ақ 511 адам амбулаторлық ем алуда.
Басқарма мәліметіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері барлығы 39 213, биыл 29 992 науқас тіркелді.
Соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 9,9 пайызға төмендеді.
Жыл басынан бері ауырған 2930 баланың 2880-і жазылып шықты. 50-і сауығу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирустан көз жұмғандардың 84,3 пайызы егде жастағы адамдар екенін жазған болатынбыз.