Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 58 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соңғы тәулікте бірде-бір науқас тіркелмеген, 282 адам жазылып шықты.
Қазіргі таңда 751 төсектік 14 инфекциялық стационарда 11 науқас жатса, соның 9-ы Орал қаласындағы ауруханаларда. Жансақтау бөлімшесіндегі 4 адамның екеуі ауыр, екеуі аса ауыр халде.
Жыл басынан бері 43, соның ішінде соңғы аптада 1 науқас коронавирустан көз жұмды.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, вакцинация басталғаннан бері облыс бойынша 272 914 адам (бұл – жоспардың 65,9 пайызы) бірінші, 260 833-і (62,9 пайызы) екінші компонентпен егілді.
Күні бүгін облыста 55 429 доза І, 114 235 доза ІІ компонент бар.
Өңірде 66 189 адам ревакцинациядан өтті.
Pfizer компаниясының вакцинасын 10 623 адам қабылдаса, соның 397-сі – жүкті, 4 705-і – бала емізетін әйелдер, 5 514-і – жасөспірімдер, жетеуі – мүгедектер.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 66 мыңнан астам адамның ревакцинациядан өткенін жазған болатынбыз.