Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында коронавирусқа байланысты өңірдегі ауру жұқтыру статистикасына тоқталды.
Өңірде коронавирусқа қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда 940 адам ем алуда (571 жұқпалы ауруханада, 369 провизорлық ауруханада ем алуда). Оның ішінде 473 адамның жағдайы орташа дәрежеде болса, 92 адам ауыр халде жатыр.
Ауруға шалдыққан адамдар облыс орталығында және барлық аудандарда анықталды. Ең көбі Орал қаласы бойынша - 2100 адам немесе 61,1%. Бөрлі ауданында - 223 адам, Бәйтерек ауданында - 208 адам және Ақжайық ауданында - 141 адам ауруға шалдығып отыр, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
zhaikpress.kz