31.05.2024, 19:00
Оқылды: 25

БҚО-да құрбандарға Құран бағышталды

31 мамыр күні Орал қалалық зиратындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш-белгі маңында Құран оқылды.

IMG-20240531-WA0074(1)

Құранды оқыған Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат қажы Қанатқалиұлы саяси қуғын-сүргін құрбандарын жылына бір мәрте емес, күн сайын еске алу керектігін тілге тиек етті.

– Қанша зиялы қауым өкілі құрбан болды. Олардың арасында көптеген талантты тұлға бар еді. Біздің қолдан келетіні – олардың рухына Құран бағыштап, тағзым ету. Бұл – азаматтық парызымыз. Өскелең ұрпақ құрбандардың өмір жолымен таныс болуы қажет. Олардың сара жолы бізге қай уақытта да үлгі, - деді Самат Әлібаев.

IMG-20240531-WA0070

Қасиетті Құран оқылып, Оралдағы Михаил Архангель шіркеуінің өкілі Владимир Герасим құрбандар рухына тағзым еткеннен кейін жиналғандар ескерткіш-белгіге гүл шоқтарын қойды. Шараға қатысушылардың арасында еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер және жастар болды.

IMG-20240531-WA0071

– Жастар тарихты оқуға құмар. Біз бұл күннің мән-маңызын ұғыну үшін осындай шараларға белсенді түрде қатысамыз. Жазықсыз жазаланғандардың атқарған жұмысы жайында көптеп айтылуы керек деп есептеймін. Солар жөнінде зерттеу еңбектері жарыққа шықса, нұр үстіне нұр болар еді. Жастар саяси оқиғалардан, тарихи тұлғалардың өмір жолынан сабақ алуы тиіс, – деді «АMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы Архат Исламғали.

IMG-20240531-WA0075

Марлен Ғилымхан,

Фото авторы: Мәди Салық

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале