9.08.2024, 17:20
Оқылды: 9

БҚО-да Құрылысшылар күні атап өтілді

Бүгін «Атамекен» өнер ордасында Құрылысшылар күніне арналған мерекелік шара өтті.

1C927E29-C32D-49B9-A7BE-43563C93341A

Шара аясында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев облысымыздағы көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға тұрғын үй құрылысын алдыңғы қатарда аяқтағаны үшін бірқатар құрылысшыға алғысхат табыстады.

жп ден стор (2)

– Былтыр Батыс Қазақстан облысы бойынша 6 көппәтерлі үй, ауылдық елді мекендерде 22 тұрғын үй, сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 202 пәтер пайдалануға берілсе, биыл облыс көлемінде барлығы 3 210 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. Соның 1 677 пәтері Орал қаласында салынып жатыр. Облыс көлемінде жүріп жатқан құрылыстың бағыты сан алуан. Биылдың өзінде облысымызда білім беру бағыты бойынша 12 мектептің, денсаулық саласы бойынша 40 медициналық нысанның және 7 мәдени-спорттық кешеннің құрылысы басталды. Құрметті құрылысшылар! Еліміздің ажарын ашатын, айбарын асқақтататын келісті келбетінің көркеюіне қосқан үлестеріңіз көз сүйсінтерлік. Алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі жолында толағай табысқа жете берулеріңізге тілектеспін. Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық пен мол бақыт тілеймін, - деді Нариман Төреғалиұлы.

жп ден стор (7)

Фото: Марзия Зеин

zhaikpress.kz

жп ден стор (3) жп ден стор (4) жп ден стор (5) жп ден стор (6) жп ден стор (8) жп ден стор (9)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале