БҚО-да полиция қызметкерлері қылмыстық топты ұстады. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында балық пен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын сатумен айналысатын заңсыз арнаны анықтады, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Қылмыстық топ балық өнімдерін жалған құжаттарымен Орал қаласындағы орталық базарларға әкеліп сатқан.
«1520,55 келі бекіре балығы, 27,3 келі қызыл және 1,25 келі қара уылдырық, сондай-ақ 2 млн 705 мың теңге және 35,8 мың рубль, тапанша, оқ-дәрілер, электронды таразы, пышақ, дүрбі тәркіленді.
Ұсталған азаматтар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды.
ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тереп-тексеру жұмыстары басталды. Заң бұзғандарға қатысты қозғалған іс жан-жақты тексеріліп жатыр», делінген министрліктің мәлімдемесінде.
zhaikpress.kz