4.06.2024, 14:46
Оқылды: 86

БҚО-да қызмет алушының құқығы қорғалды – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Мемлекет тарапынан азаматтардың құқығы, заңды мүддесінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі.

JP Цон

Бұл ретте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәлімдеуінше, осы жылы қызметті алушы азамат Гжер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру кезінде мемлекеттен көрсетілетін қызмет талаптарының бұзылғандығына шағымданған.

Көрсетілетін қызметті беруші – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының тіркеу және жер кадастры бойынша бөлімдері.

Осы орайда, агенттіктің өңірдегі департаментімен қабылданған шаралар негізінде көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қайта ресімделіп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале