29.03.2018, 12:50
Оқылды: 46

БҚО-да малшыны өлтірген қожалық басшысы 11 жылға сотталды

20180329111539 копияБатыс Қазақстан облысында малшыны өлтірген қожалық басшысы 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанды оқиға өткен жылғы желтоқсанда Сырым ауданы Алғабас ауылдық округінде болды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, 35 жасар Хамит Кенжебеков бос тұрған сарайға мал қамаған. Кейін шаруа қожалығының басшысы, 47 жастағы Сырымбет Садықов ауылдасына сарайдың өзіне тиесілі екендігін айтып, екеуінің арасында талас туындаған. Бұдан кейін Садықов Кенжебековке ешкім кесел келтірмес үшін ауылдан аулақ шығып, әңгімелесуді ұсынған, бұған жәбірленуші келіскен. Машинадан шыққаннан кейін сотталушы аңшы мылтығын алып, Кенжебековтің кеудесінен атқан. Марқұм оқиға орнында көз жұмған. Содан кейін Садықов болған оқиғаны ішкі істер органына өзі хабарлаған.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен С.Садықов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. Сонымен қатар ол 3 млн теңге моральдық залалды өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

zhaikpress.kz

Фото: yakutsk.news

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале