2.12.2021, 12:40
Оқылды: 59

БҚО-да мас полицей жол апатына ұшырап, адам өліміне себепші болды

Батыс Қазақстан облысы Орал-Тасқала тасжолында Теректі полиция бөлімі бастығының орынбасары мас күйде жол апатына ұшырап, адам өліміне себепші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_90598

Қайғылы жағдай туралы полиция департаментінде өткен брифингте хабарланды.

"1 желтоқсанда сағат 19:15-те Орал-Тасқала тасжолының 46-шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысты, бірінде полиция қызметкері болған. Салдарынан адам өлімі болып, тағы екі адам дене жарақатын алды. Полиция қызметкері көлікті мас күйінде жүргізгені анықталды. Марқұмның туыстарына көңіл айтамыз", - деді БҚО ПД бастығының орынбасары Нұрлан Рамазанов.

Полиция қызметкері құқық қорғау органдарынан міндетті түрде босатылатыны хабарланды. Қазір ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицей қамауға алынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале