Батыс Қазақстан облысы бойынша 2018 жылдың басынан бастап денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасы қалыптастырылды. Қазіргі таңда тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы 51 медициналық ұйыммен (36 мемлекеттік және 15 жеке) медициналық қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасалды.
Облысымызда жеке медициналық ұйымдар тарапынан тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша медициналық қызмет көрсетуге деген қызығушылық күн санап артып келе жатқанын атап өткен жөн.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2018 жылдың 1 желтоқсанына халыққа тегін медициналық қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 24,3 млрд. теңге төледі. Бұл дегеніміз - кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде БҚО бойынша медициналық мекемелермен бекітілген келісімшарт сомасының 81 пайызы төленді деген сөз», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова.
Естеріңізге сала кетсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» , кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор емдеу мекемелерімен мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы облыс бойынша 30,1 млрд теңгені құрады.
«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Н. Жұмағұлова.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қағидаттарының ең маңыздысы - пациенттің жағдайын жасау.
"Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры"
КЕАҚ БҚО бойынша филиалы
+ 7 (7112) 932045, + 7 (7112) 932043
zhaikpress.kz