Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.
Облыс бойынша мектепті 5 192 түлек аяқтады, соның 3 748 ҰБТ-ға қатысады деп жоспарлануда (72%). Тестілеу облыс бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Сырым аудандары орталығында және М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ университеттерінде орналасқан 9 тестілеу пунктінде өтеді.
Биылғы жылы тестілеу уақыты облыс бойынша 3 күнге –20,21,22 маусымға белгіленіп отыр. Тестілеу 5 пәннен тұрады: оның 3-уі міндетті пәндер, 2-уі таңдаған мамандығына сәйкес таңдау пәндері. Тест тапсырмалары 120 сұрақтан тұрады. Максималды балл –140, шекті балл - 50.
Ұлттық университеттерге - 65 балл, «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл(бұл Ұлттық университетке), ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл.
ҰБТ-ды ұйымдастыруға барлығы 7 582,0 мың теңге қаражат бөлінген, соның ішінде тамақтануға – 4 080,0 мың теңге, қонуға – 1 067,0 мың теңге, тасымалдауға – 2 433,0 мың теңге бағытталып отыр.
ҰБТ-дың өткізілуін үйлестіру үшін облыстық білім басқармасының базасында штаб құрылды, барлық тиісті шаралар бақылауға алынды.
zhaikpress.kz