Талдау нәтижелері бойынша, осы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың 96 фактісі анықталды, өткен жылмен салыстырғанда өсім бар екені байқалады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жазды.
«Бұзушылықтардың ең көп болуы білім, жер қатынастары және әлеуметтік салада көрініс тапты. Анықталған бұзушылықтар бойынша 18 азаматтың құқығы қалпына келтіріліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылықтардың себептері мамандардың кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі, қадағалаудың болмауы, техникалық ақаулар және келісуші мекемелердің уақытында жауап бермеуі болып отыр. «Қызмет беруші мектебі» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 10 оқыту шарасы өткізіліп, мұнда 500-дей адам қамтылды. Бұл шаралар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және қызмет көрсету мерзімдерін сақтауға бағытталған. Алдағы уақытта департамент бақылау іс-шараларын жүйелі түрде жалғастыратынын атап өткен жөн», - делінген хабарламада.