5.12.2024, 9:00
Оқылды: 305

БҚО-да менингококк инфекциясының үш жағдайы тіркелді

БҚО-да жыл басталғалы менингококк инфекциясының үш жағдайы тіркелді. Ауру 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп отыр. 2023 жылдың осы кезеңінде менингококктық инфекциясының бір жағдайы тіркелген. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпдемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Мұстаев айтты.

IMG_4152

Сурет: freepik.com

«Менингококк инфекциясы – Neisseria meningitides бактериясы тудыратын жіті жұқпалы ауру. Ауру ауа тамшылары арқылы беріледі (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Менингиттің алғашқы белгілері спецификалық емес, қарапайым суыққа ұқсас (температураның көтерілуі, бас ауруы). Аурудың егжей-тегжейлі көрінісі пайда болған кезде медициналық көмекке уақтылы жүгінбесе, өлім-жітім 50%-дан асады. Негізгі клиникалық көріністерге мыналар жатады: дене температурасының 39,0°С және одан жоғары күрт көтерілуі, төзімсіз бас ауруы, жеңілдік әкелмейтін алдын ала жүрек айнуынсыз құсу, геморрагиялық бөртпе, мойын бұлшықеттерінің кернеуі, тыныс алудың бұзылуы, тежелу, сананың шатасуы. Басқалар үшін инфекция көзі ауру немесе белгілері жоқ тасымалдаушылар болады. Менингококты инфекциясы қыс және ерте көктем айларында өрши түседі», - дейді маман.

Инфекциясының алдын алу мақсатында БҚО СЭБД келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

1) аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде асқынып кетуді болдырмас үшін, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет

2) адам көп жиналатын орындарға бармау керек

3) ауырып қалмау үшін және айналадағы адамдарға ауру жұқтырмау үшін, мұрын-жұтқыншақтарының жіті және созылмалы ауруларды (фарингит, назофарингит, тонзилит, ларингит) уақтылы емдеу керек

4) таза ауада серуендеу қажет

5) витаминдермен, микроэлементтермен байытылған толыққанды және үйлесімді тамақтану, спортпен шұғылдану, ағзаны шынықтыру иммунитеттің жоғарлауына әсер етеді

6) үй-жайларды жиі желдету, күніне кемінде 2 рет дымқыл тазалау өткізу

7) жөтелген, түшкірген кезде бірреттік орамал пайдалану керек. Қол орамал болмаған жағдайда – «шынтаққа» жөтелу және түшкіру

8) қолды сабынмен мұқият жуу

9) кішкентай балаларға күтім жасау кезінде, тек оларға арналған жеке ыдыс-аяқ пайдаланып, баланың ыдыстарын мұқият жуу және зарарсыздандыру қажет

«Өкінішке орай, көп ата-аналар аурудың қаншалықты қауіпті екендігін білмейтіндіктен білікті медициналық көмектен бас таратады. Менингококк инфекциясы ауруының кенеттен басталуын және ауырлығын ескере отырып, оның алғашқы белгілерінде мүмкіндігінше ертерек дәрігерге жүгіну қажет, себебі бұл баланың, жасөспірімнің өміріне байланысты болады», - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале