5.06.2024, 15:15
Оқылды: 113

БҚО-да «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсына құжаттар қабылданып жатыр

Адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық, аудандық кезеңіне құжаттар қабылдау басталды.

3856A6D9-AABD-4C7C-8526-52676B4B4664

Фото: pixabay.com

Конкурсты өткізудің мақсаты:

  • Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту,
  • Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
  • Отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау;
  • Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.

Қатысу үшін өтінім мен құжаттар 2024 жылдың 15 мамырынан бастап 15 маусымға дейінгі аралықта Орал қаласының және аудандық әкімдіктердің Ішкі саясат бөлімдерінде қабылданады.

Құжаттарды қағаз немесе электрондық нұсқада тапсыруға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале