26.10.2023, 12:15
Оқылды: 56

БҚО-да мереке күні 900-дей адам жедел жәрдем көмегіне жүгінген

Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтты.

Жедел жәрдем ЖП
Белгілі болғандай, кеше 25 қазан күні жедел жәрдем станциясына 900-ден астам адам қоңырау шалып, медициналық көмек сұраған.
- Қазіргі уақытта негізінен жедел жәрдемге қоңырау шалатындардың көбі тұмауға шағымданады. Мереке күні жоғары дене температурасына шағымданып 110 адам хабарласса, 180 адам түрлі созылмалы ауруларына байланысты жедел жәрдем шақырды. 70-тей адам жоғары қан қысымына шағымданды. Бұдан бөлек жүкті әйелдерге де медициналық көмек көрсетілді, - деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, медициналық көмекке жүгінгендердің қатарында жол апатынан зардап шеккендер де бар. Кеше үш жол апаты болып, дәрігерлер зардап шеккендерге көмек берген.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале