Бүгінгі күнге белгілі болғаны екі бала метапневмовируспен ауырып жатыр. Бұл тұмау, суық тию секілді аурулар күшейген уақытта бірге жүретін вирус түрі. Бүгінгі күнге дейін БҚО-да метапневмовирус пен ауырған екі адамда 14 жасқа толмаған балалар, деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметкері Кенжегүл Мұхитова.
Фото: istockphoto.com
- Метапневмовирус – бұл көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда, ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өрлеу кезеңінде күшейетін вирус түрі. Департамент облыс халқын алдын алу шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде байланыстарды шектеуге шақырады,- деді Батыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметкері Кенжегүл Мұхитова.
Қазір ақпарат беттерінде метапневмовирус Қытайда өршіп тұр деген мәлімет тарап жатыр.
Ал біздің мамандар үйді, кеңсені таза ұстауды, көпшілік орындарға бармауды әсіресе үлкен кісілер мен аурушаң адамдарға күтініп үйде отыруға кеңес береді.
Жанат Көшкінбай