6.12.2021, 18:38
Оқылды: 126

БҚО-да монополистерге 60 млн. теңгеден астам айыппұл салынды

2020 жылға бекітілген тарифтік сметаның және 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді талдау нәтижелері бойынша 2021 жылы  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізілген бірқатар табиғи монополиялар субъектілерін «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26 - бабының 2-тармағының 15) және 16) тармақшаларын бұзғаны үшін, оның диспозициясы сәйкесінше бекітілген тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау болып табылатындықтан, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

69AD8889-5C83-4537-B496-8CE4528C75C3

Осылайша, «Коммунал» МКК-ы, «Уральскснабконтракт» ЖШС-ы, «Ақсайгазөндірісқуаты» АҚ-ы, ШЖҚ «Ақсайжылуқуат» МКК-ы, «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-ы, «Жайықжылуқуат» АҚ-ы, «Сырым» МКК-ы, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Теректі үй жөндеу» ЖШС-ы, «Нұржауған» ЖК-ы, «Қазсушар» РМК-ның Батыс Қазақстан филиалы, «Стройтех» ЖШС-ы, «АГС Теміржолы» ЖШС-ы, «Ағын» СПКВ-ы, «Мендыгазиев» ЖК-ы, «Орда» МКК-ы, «Каримов» ЖК-ы, «Қаратөбе ауданы»  МКК-ы, «Батыс су арнасы» ЖШС-ы атты субъектілерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес жалпы сомасы 60 337 477 теңге айыппұл салынды.

Сонымен бірге, бірқатар субъектілер құқық бұзушылықтарға жол бергенін мойындай отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес, айыппұлды қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеу мүмкіндігін пайдаланғанын атап өткен жөн.

Қалған субъектілерге қатысты әкімшілік іс жүргізу сот тәртібімен қаралды.

Сот талқылаулары барысында, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар департаменттің уәждерін қанағаттандырып, әкімшілік іс жүргізудің жалпы тәртібінде әкімшілік айыппұлдар салынды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале