Мұз кептелістеріне жол бермеу мақсатында, Батыс Қазақстан облыс аумағындағы, өзендерде мұзды қопсыту және ұсақтауға бағытталған мұз жару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нәтижесінде Деркөл, Шаған, Шежін-1, Шежін-2, Шыңғырлау, Қайынды, Өленті, Быковка және Рубежка өзендерінде арнайы құрылған комиссияның қатысуымен 20 мыңнан астам шаршы метрде мұз жару жұмыстары жүргізілді.
Суреттер видеодан (скрин) алынды