31.07.2024, 14:31
Оқылды: 41

БҚО-да он мыңнан аса оқушы бірінші сыныпқа қабылданды

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен  аппараттық кеңес өтті. Бас қосуда жаңа  оқу жылына дайындық барысы және өңірдегі денсаулық сақтау  саласының өзекті мәселелері талқыланды.

86EE69CF-4CFE-4C6B-BC63-94A20961F791

Кеңесте облыстық білім басқармасы басшысы Елдос Сафуллин күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.

– Облыста жаңа 2024-2025 оқу жылына барлығы 374 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасап, 125 мыңнан астам оқушы қамтылады деп жоспарланып отыр. Жаңа оқу жылына 1 сыныпқа 10 054 оқушы қабылданды. Облыс бойынша жалпы 32 309 баланы қамтитын 549 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 387-і мемлекеттік, 162-і жеке меншік. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 36 колледж 58 мамандық бойынша 86 біліктілік бойынша жұмыс істейді. 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша 4 000 студент қабылдау жоспарланған болса, бүгінгі таңда 2 809 талапкер құжат тапсырды, - деді Е.Сафуллин.

65EACA68-6435-448D-A758-F9738C61E4EA

Білім басқармасы басшысының баяндауынша, өңір бойынша 10 мектепте білім беру үрдісі үш ауысымда ұйымдастырылған, ал 16 мектептің ғимараты апатты жағдайда.

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында  облыста 2023-2024 жылдарда – 9 мектеп құрылысы жоспарланған. Олардың екеуі 300, екеуі – 600, біреуі – 900, екеуі – 1 200 және екеуі – 1 500 орындық.  Мектептердің құрылысын аяқтау және пайдалануға беру уақыты 2024 жылға жоспарланған.

728ACD23-DC54-4D27-A52C-65505C3955B3

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Мадияр Өтешевтің баяндауынша, бүгінде облыс аумағында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 58 медициналық ұйым қызмет көрсетуде. Жалпы өңірде, оның ішінде 39 (67,2%) мемлекеттік ұйым және 19 (32,8%) жеке медициналық ұйым бар. 2024 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 96,1 млрд. теңге қаражат бөлінген.

34DF0102-22D4-480F-AC79-3DC1BDD1685E

– Биылғы жылы ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Осы жобаны аясында облыстағы дәрігер-мамандарымыздың кәсіби біліктілігін арттыру үшін Медициналық орталықтың тәжірибелі мамандарын өңірімізге шақыру және мамандарымызды шетелде оқыту мәселесін қарастыру үшін қолдау көрсетуіңізді сұраймыз. Оқу орындары, оқытуға жіберілетін мамандар саны, қай елге оқуға жолданатыны туралы, оған қарастырылатын шығын мөлшері бойынша ақпарат дайын. Жоғарыда аталған мәселелер Сіздің қолдауыңызбен шешімін тапқан жағдайда облыс тұрғындарының денсаулығын жақсартуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға септігін тигізеді деп санаймын, - деді М.Өтешев.

AB26A7BE-3DCD-408C-96E0-A1635889EE88

Кеңеске қатысқан өңір басшысы облыс тұрғындары үшін маңызды болып саналатын қос саланы басты назарда ұстау қажеттігін, туындаған түйіткілдерді бірлесе шешу керектігін айтты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале