20.02.2021, 19:15
Оқылды: 45

БҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 16 ауыл таза ауыз сумен қамтылмақ

- Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту ең алдымен көгілдір отынмен ауыз сумен қамтуға тікелей байланысты. Осы бағытта жұмыстар кезең кезеңмен атқарылып келеді.  Өткен жылы 1 миллиардқа жуық қаражатқа 21 ауыл газбен қамтылды (Теректі 10 ауылы және Ақжайық ауданының 11 ауылы).

газ 1

2021 жылы Казталов ауданының 4 ауылына газ тарту жұмыстары жоспарда тұр. Нәтижесінде облыс тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 98,7%-ға дейін өседі.

Сапалы ауыз сумен қамту да біздің басты назарымызда. Өткен жылы 25 мыңнан астам тұрғыны бар 31 ауылға таза ауыз су тартылды.

газ 2

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде биыл 4,2 млрд. теңге қаражатқа 16 ауылға су өткізуді жоспарлап отырмыз.

Нәтижесінде таза ауыз сумен қамту көрсеткішіміз 88%-дан 89,8% дейін өседі, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Еске сала кетсек, дәл қазір облыс әкімі онлайн режимде халық алдында есеп беруде.

Есеп «Aqjayq» телеарнасында, облыстық әкімдіктің ресми сайты мен YouTube каналында тікелей эфирде өтілуде.

 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале