Орал қаласының іргесіндегі Көшім ауылында жер үй өртеніп, екі адам қаза тапқан.

Сурет сайт архивінен
Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі айтты.
Оқиға 7 қаңтар күні кешкісін болған.
- Бәйтерек ауданына қарасты, Көшім ауылында жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама 20:11-де түсті. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер 50 шаршы метр аумақты қамтитын өртті сөндірді. Өртенген аумақтан екі ересек адамның денесі табылды. Екі адамның мүрдесі сот сараптасына жіберілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр,- деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жанат Көшкінбай,