27.05.2024, 10:00
Оқылды: 30

БҚО-да өрттен үш шаруашылық нысаны жанып кетті

Батыс Қазақстанда өрттен үш шаруашылық нысаны жанып кетті. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

688B5AE9-CE19-4243-A247-D465703968A7

Фото| insta: batysqaz_tjd

«26 мамыр сағат 18:29-да 101 пультіне Ақжайық ауданына қарасты Алмалы ауылындағы Бейбітшілік көшесінде өрт шыққаны жөнінде хабарлама түсті.

Оқиғаны барлау барысында жақын орналасқан үш бірдей жеке аулада яғни, Бейбітшілік 32/2, Бейбітшілік 42 және Бейбітшілік 38 мекенжайларында жалпы ауданы 250 шаршы метр алаңда шаруашылық нысаны мен үш тонна шөп (15 бума) жанып жатқаны анықталды», деп хабарлады департаменттен.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Қызыл жалын 20:21-де оқшауланған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале