2.10.2024, 17:45
Оқылды: 195

БҚО-да «Охотзоопром» мекемесінің үш қызметкері ұсталды

30 қыркүйек күні әлеуметтік желіде тараған қызметтік жазбаға сенсек «Охотзоопром» мекемесінің үш қызметкерін Нұрсая ауылына жақын маңда полиция ұстаған. ІІМ қызметкерлері көліктен киіктің етін тәркілеп, көлікті айып тұрағына қойған. Біз ақпараттың мән-жайын анықтау мақсатында БҚО Полиция департаментіне хабарластық.

7B85D537-F3CF-493A-A062-EEF3A0C8754A

Полиция департаментінің баспасөз қызметі үш ер адамның ұсталғанын, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

– Қыркүйектің 27-сі күні Казталов–Жәнібек тасжолында БҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері  «TOYOTA HILUX» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік ішінде Орал қаласының үш тұрғыны анықталды. Сондай-ақ, автокөліктің жүк салғышынан бір ақбөкеннің төшкесі табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде тараған қызметтік жазбаға сенсек ұсталған үш адамда – «Охотзоопром» мекемесі БҚО филиалының қызметкерлері.

Біз «Охотзоопром» мекемесі БҚО филиалының басшылығына хабарласып көрдік, алайда ешкім телефон қоңырауына жауап бермеді.

Полиция департаментінің мамандары жыл басынан бері өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін заңсыз пайдалану жағдайы бойынша 27 факт тіркелгендігі туралы атап өтті.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале