16.03.2025, 10:00
Оқылды: 137

БҚО-да өзіне заңсыз сыйақы алған шенеунікті қызметінен босату ұсынылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы әдеп жөніндегі кеңес отырысында мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік істері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

IMG_7184

Фото: freepik 

Отырыс барысында мәлім болғанындай, Жәнібек ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев қызмет бабын теріс пайдаланған.

Атап айтқанда, бөлім басшысы бұрыннан бар тәртіптік жазасы алынбағанын біле тұра, өткен жыл соңында өзіне 766 мың теңге көлемінде сыйақы алған.

Кейін бұл қаражат бюджетке қайтарылғанымен, мемлекеттік қызметшінің абыройына нұқсан келтіретін теріс қылық болып есептеледі. Сондықтан әдеп жөніндегі кеңес М.Әдиевті қызметінен босату туралы аудан әкіміне ұсыныс жасады.

Сондай-ақ Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Фархад Уахитов инватакси қызметін көрсету саласында бірқатар бұзушылыққа жол берген. Яғни инватакси қызметін ұсынатын өнім берушінің біліктілік талаптарына сай келмейтін автокөлікпен мүгедектер тасымалданған. Сол үшін тиісінше төлем жүргізілген.

Ф.Уахитовқа қатысты қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беру ұсынылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале