20.07.2026, 18:00
Оқылды: 10

БҚО-да полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған акция ұйымдастырды

БҚО-да полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған акция ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Батыс Қазақстан облысында интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті. Іс-шараға 200-ге жуық полиция қызметкері, прокуратура қызметкерлері, блогерлер мен қоғам белсенділері қатысты. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тұрғындармен кездесіп, алаяқтардың кең таралған алдау тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

cdb32db5-5604-4cbc-9c3a-c282e3a5cd64

Сурет: Polisia.kz

Азаматтарға жеке деректерді және банк шоттарындағы қаражатты қорғау жолдары түсіндірілді. Шара барысында банк және құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып қоңырау шалатын алаяқтар, жалған инвестициялық жобалар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық түрлеріне ерекше назар аударылды. Тұрғындарға цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік бойынша практикалық ұсынымдар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды. Басты ереже – дүрбелеңге салынбай, асығыс шешім қабылдамау. Егер белгісіз біреу ақша аударуды немесе банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпиясөздерді айтуды талап етсе, әңгімені дереу тоқтатып, ақпаратты банкке немесе тиісті мемлекеттік органға ресми нөмір арқылы өзіңіз нақтылаған жөн.

4969c2bc-3031-4021-b5c2-bfe9748d9194

Сурет: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға шақырды. Банк немесе мемлекеттік органның шынайы қызметкерлері телефон арқылы құпия деректерді, парольдер мен растау кодтарын сұрамайды. Халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале