6.10.2025, 18:00
Оқылды: 109

БҚО-да полицейлер оқушыларға ерекше форматта құқықтық сабақ өткізді

БҚО-да полицейлер оқушыларға ерекше форматта құқықтық сабақ өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

30582e96-f464-45bb-a1fe-9f647a12d66e

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастамасымен дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектеп-лицейінің оқушыларына ашық аспан астында ерекше форматтағы құқықтық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру арқылы болашақ мамандық таңдауға ықпал ету.

3f47b494-0eff-4487-bff8-8cc490357ee6

Сабақ барысында оқушыларға есірткі қылмысына қарсы күрес, киберқылмыстың алдын алу, криминалистика және кинология бағыттары бойынша ақпарат берілді. Атап айтқанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері есірткі заттарының зияны мен заңды салдарын түсіндіріп, қызметтік іздестіру итінің көмегімен арнайы көрсетілім өткізді. Киберқылмыспен күрес басқармасы интернет-алаяқтықтың түрлері және одан сақтану жолдарын түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Криминалист мамандар жедел-криминалистикалық зертхананың жұмысымен таныстырып, заманауи зерттеу құралдары мен тергеу әдістерін көрсетті. Ерекше форматта өткен бұл сабақ оқушылардың қызығушылығын тудырып, құқық қорғау саласына деген танымын кеңейтті. Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға оң әсер етті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале