28.09.2020, 17:06
Оқылды: 3

БҚО-да праймериз үміткерлерімен 79 дебат өткізілді

Дүйсенбіде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев праймериздің өтуі туралы журналистермен брифинг өткізді.

Mukaev

Оның айтуынша, облыс бойынша праймеризге барлығы 460 кандидат тіркелсе, олардың 33-і денсаулық және отбасы жағдайларымен кандидатураларын алып тастаған. 17 тамыздан басталған праймериздің қазіргі кезеңінде кандидаттар елді мекендерді аралап, сонымен қатар онлайн-кездесулер өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

– Қазіргі уақытқа 687 аманат келіп түсті, соның 74 пайызы (511 аманат) аудандық, қалалық сайлауалды бағдарламаларға енгізілді. Облыс бойынша бүгінгі күні авторизациядан партияның 26949 мүшесінің 23389-ы немесе 87 пайызы өтті. Бүгінгі күні кестеге сәйкес барлығы 79 дебат өткізілді. Дауыс беру және дебат орындары бойынша барлығы 140 сайлау учаскесі белгіленді. Олардың барлығы жабдықталу үстінде, осы аптаның соңына дейін дайын болады. 88 орында онлайн дауыс беру, 52 орында дәстүрлі дауыс беру белгіленді. Партия төрағасының тапсырмасына сай облыстың бас санитарлық дәрігерімен бірлесіп, коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары атқарылуда, – деді М.Мұқаев өз сөзінде.

                                                                          Н.Жапақов,

         zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале