Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, Қаратөбе аудандық прокуратурасы 61,4 миллион теңгеден астам бюджет қаржысының орынсыз жұмсалуын тоқтатты.

Аудан әкімдігі Үкіметтің 2025 жылғы №792 қаулысымен бекітілген мораторийді ескерместен, мемлекеттік сатып алу порталында 8 қызметтік автокөлік алуға тапсырыс берген. Қадағалау органы прокурорлық наразылық актісін енгізгеннен кейін заңсыз лоттардың күші жойылып, мемлекет қаржысы қазынада сақталды.