Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, еңбек ардагерлері және қарапайым еңбек адамдары бар.
Мемеклеттік наградаларды БҚО әкімі Нариман Төреғалиев табыстады.
Салтанатты жиында «Парасат», «Құрмет» ордендерімен қатар «Еңбек даңқы», «Ерен еңбегі» «Шапағат» ордендері берілді.
– Мен құрылыс саласында бірнеше жылдан бері еңбек етіп келемін. Біз ағамыз екеуміз бірге бастағанбыз. Бүгінгі күнге дейін осы салада қызмет етіп келеміз. Бүгін Республика күні қарсаңында еңбегімізді елеп арнайы марапаттап жатыр. Бүгінгі мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтаймын, - деді «АИАС құрылыс Сервис» ЖШС-ның директоры Асхат Сатқанов.