3.07.2017, 18:02
Оқылды: 63

БҚО-да  «Сабантой» мерекесі аталып өтті

 

19691209_706567346208019_1990265522_nАталған мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, «Татар этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Флюра Милеекева және Ресей Федерациясы Орал қаласындағы консулінің орынбасары Юрий Пономарев татар ұлтының ұлттық тағамдарынан дәм татып, қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады.


-Қаламыздың орталығындағы әсем саябақта керемет мейрам өтіп жатқанына қуаныштымын. «Сабантой» мейрамы барша жиналған қауымға көңіл-күй сыйлайтынына сенімім мол. Қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалап, қолдан пісірілген татар ұлтының ұлттық тағамдарынан дәм татып жатқан қауымды көріп ризашылығым артты. Сондай-ақ ұлттық киімдерімізді киіп, баршаға ортақ мерекеге үлесімізді қосып жатырмыз. Қазақстан - достықтың мекені. Бірнеше ұлт өкілдерімен достасып, бір аспанның астында тату-тәтті күн кешіп келеміз. Баршаңызды «Сабантой» мерекесімен құттықтағым келеді,-дейді татар ұлтының өкілі Роза Аминова.19668426_706567452874675_415486660_n

-Жаздың жайма шуақ күнінде сіздермен бас қосып, «Сабантой» мерекесін тойлап отырмыз. Көне заманнан келе жатқан бұл мейрамды жыл сайын күтетініміз жасырын емес. Халқымыз көктемгі науқанын тиянақтаған соң, ақсақалдар бірігіп бүкіл елді жинап біткен іске баға беріп атап өтетін болған. Міне, сол дәстүрді жоғалтпай осы күнге дәстүрлі түрде жалғастырып келе жатырған татар ұлтына алғысымыз шексіз. Бұл мейрамның ауқымы кеңейіп келеді. «Сабантой» мейрамы - Қазақстанда тұратын көп ұлттардың басын біріктіретін мерекелердің бірі. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық тілеймін,-деді облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов.

19692448_706567632874657_1210268605_nАталған мерекеде ел бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін татар ұлтының өкілі Закир Хулжастиновке Елбасымыздың атынан келген алғыс хатты Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов табыс етті. Сондай-ақ Ресей Федерациясының Орал қаласындағы консулінің орынбасары Юрий Пономарев «Татар этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұжымына Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минихановтың құттықтау хатын табыстады.

Өнерпаздар мен спортшылар қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткен шараның көркін қыздырды. Татарлардың ұлттық күресі бойынша белдескен балуандардың ішінен Дамир Рамазанов суырылып алға шығып, жеңімпазға тігілген қойға иелік етті.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале