10.11.2020, 16:31
Оқылды: 10

БҚО-да сайлау тәртібі мен талаптары түсіндірілді

10 қараша күні облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың төрағалығымен өткен жиында алдағы сайлауға қатысатын алты партия өкілдеріне сайлау тәртібі мен талаптары түсіндірілді.

 сайлау 1

Еліміздегі саяси партиялар («Нұр Отан», «Бірлік», «Ауыл», «Ақ жол», Қазақстанның коммунистік халық партиясы, ЖСДП) 10 қарашадан 4 желтоқсанға дейін сайлауға қатысатын үміткерлерінің тізімін ұсынбақ. Одан әрі сайлау комиссиялары 10 желтоқсанға дейін үміткерлерді тіркеумен шұғылданады. Содан соң үгіт-насихат жұмыстары жүрмек. «Күні бүгін сайлау өтетін барлық округтер белгіленді. Газетте жарияланды. Енді қалалық, аудандық әкімдіктер сайлаушылардың тізімдерін жасақтауда. Сондықтан әр азамат өз учаскесі бойынша тізімде бар-жоғын тексеруіне болады.  Биылғы сайлаудың бір ерекшелігі – сайлаушылар тек қана партияларға дауыс береді. Бұрын сайлаушы тізімде болмаса қосымша тізім жасалатын еді, енді оған жол берілмейді, - деді Ғ.Қапақов.

 Сайлау 2

Тоқтар Ғабдірешұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале