21.11.2024, 12:45
Оқылды: 13

БҚО-да сегіз ғана балалар офтальмологы бар

Орал қаласында Қазақстан офтальмологтар қоғамының сараптамалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Көз аурулары мен олардың алдын алу жолдары талқыланған жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас офтальмологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Тұрсынгүл Ботабекова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев, сондай-ақ еліміздегі, облыстағы білікті көз дәрігерлері қатысты.

IMG_7706

Жасыратыны жоқ, кейінгі жылдары көздерін емдету үшін алысжақын шетелге, әсіресе көршілес Ресейге баратын тұрғындардың қатары көбейді. Бұл мәселе бүгінде сала мамандарын толғандырып отыр. Осы орайда жиында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас офтальмологы Тұрсынгүл Ботабекова  сөз алып, бірқатар ұсыныстарын айтты.

–  Орал қаласына алғаш рет Қазақстан офтальмологтар қоғамы құрамындағы 20дан астам білікті офтальмологтың басын қосып келіп отырмыз. Делегация құрамында Алматы, Астана, Қарағанды қалаларындағы танымал көз дәрігерлері бар. Басты мақсатымыз – облыстағы көз дәрігерлерінің білім сапасын арттыру, заманауи технологиямен жұмыс істеуді одан әрі жетілдіру. Дәрігерлермен кездесіп, сұрақтарына жауап беріп, тәжірибелерімізбен бөлісеміз. Науқастарға ота жасаймыз. Ақ Жайыққа келудегі екінші себебіміз – ресейлік офтальмологтар көз аурулары бойынша есепте тұрған батысқазақстандық науқастарды өздерінің медициналық орталықтарына жарнама жасау арқылы алып кетіп жатқандығы. Олар кей науқастарға протокол бойынша емдом жүргізбей, отадан кейін үйлеріне жіберіп қояды. Жалпы, кез келген отадан кейін қалпына келтіру үрдісі жүру керек. Асқындырып алмас үшін көздің құрылымын бақылап, тексеріп тұру да маңызды. Асқындырып алып, жергілікті дәрігерлерге жүгініп жатқандар да аз емес. Мұндай үрдістің алдын алғымыз келеді. Өңірдегі денсаулық сақтау саласында бірқатар мәселе бар.  Батыс Қазақстан облысы халқының саны шамамен 700 мыңнан астам десек, сонша халыққа небәрі 48 офтальмологдәрігер қызмет көрсетеді.  Сондайақ өңірде балалар көз дәрігері жетіспейді. Облыста сегіз ғана балалар офтальмологы бар. Бұл, әрине, өте аз. Қалыптасқан жағдайды талдай отырып, бірінші орында кадр тапшылығына, балалар офтальмологиясы қызметінің жоқтығына назар аударайық. Жалпы, кейінгі бес жылда еліміздегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы соқырлық пен алыстан көрмеушілік 10 есеге артып отыр. Мені, яғни тәжірибелі көз дәрігері, ана ретінде бұл мәселе толғандырмай қоймайды. Орал қаласындағы «Uniserv Medical Clinic» клиникасында болдым. Заманауи медициналық құралжабдықтармен жабдықталған, МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында да қызмет көрсетеді екен. Офтальмологиялық қызмет қолжетімді болуы үшін сондай клиникалар көптеп салынуы керек, – деді Тұрсынгүл Ботабекова.

Шараға қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев мұндай басқосулар жас мамандардың біліктілігін арттыруға септігін тигізетінін айтып, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан келген көз дәрігерлеріне алғысын жеткізді.

«Uniserv Medical Center» клиникасының офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі, көз дәрігері Әсел Мұқанбетқалиева аталмыш клиниканың жетістіктеріне тоқталды.

– «Uniserv Medical Center» клиникасының офтальмология бөлімшесі осыдан 5 жыл бұрын ашылды. Бөлімшеде 9 офтальмолог дәрігер қызмет етеді, оның екеуі – балалар офтальмологы. Бір жылда облыстың 10 мыңға жуық тұрғыны көзін тексерістен өткізіп, офтальмологтың кеңесін алады. Клиникада жылына 2 мыңға жуық ота жасалады, олардың арасында МӘМС арқылы да ота жасататындар бар. Балалардың көз жанарын аппараттық емдеуден өткіземіз. Жалпы, гаджеттерді шамадан тыс пайдалану – балалардың кө­ру қабілетіне үлкен жүктеме. Биылдан бастап біз ортокератологиялық (түнгі) линзаларды қолдана отырып, балалар мен жасөспірімдердің (20 жасқа дейін) көру қабілетін емдеу мүмкіндігін енгіздік. Одан бөлек Femto Lasik әдісімен көз жанарын лазер арқылы түзету, сондайақ витрэктомия, премиум линзаларды имплантациялау арқылы катарактаны жою, интравитреальды инъекциялар салып, блефаропластика (жоғарғы және төменгі қабақтың артық терісін және жарықтарын жоюға бағытталған хирургиялық ота) жасаймыз, – деді ол.

Жиыннан соң Қазақ көз аурулары ғылымизерттеу институтының мамандары «Uniserv Medical Center» клиникасында көз ауруы асқынған науқастарды қабылдап, оларға кеңес берді.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале