Ақындар Казталов топырағында
1 Желтоқсан 2021

Ақындар Казталов топырағында

Сырымдықтар
1 Желтоқсан 2021

Сырымдықтар "Атамекен" челленджін бастады

Микрохирургиялық оталар Оралда жасалады
1 Желтоқсан 2021

Микрохирургиялық оталар Оралда жасалады

100 мың теңгеден астам қаражат жинап берді
1 Желтоқсан 2021

100 мың теңгеден астам қаражат жинап берді

Көпшілік марафон өтті
1 Желтоқсан 2021

Көпшілік марафон өтті

Көпшілік жүгіру «Шыңғырлау-2021» марафоны өтті
1 Желтоқсан 2021

Көпшілік жүгіру «Шыңғырлау-2021» марафоны өтті

БҚО-да шекарада санитарлық қадағалау шаралары күшейтілді

Батыс Қазақстан облысында көршілес Ресейде коронавирус жұқтырушылардың көбеюіне байланысты шекарада санитарлық қадағалау шаралары күшейтілді.

18

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, қазіргі кезде мемлекеттік шекарада санитарлық эпидемиолог мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Оның айтуынша, 1 қазаннан бері мемлекеттік шекарадан 455 жолаушы анықтамасыз өткен. ПТР әдісімен алынған тест бұл адамдарда коронавирус жоқтығын көрсетті. Ал халықаралық жүк тасымалымен айналысатын, анықтамасы болмаған 1089 жүргізушінің біреуінен коронавирус табылды.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша сары аймақта тұрған облыста қазан айында 758 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде 436-сы (58 пайыз) ЖРВИ белгілерімен тексерілсе, 206-сы (27 пайыз) бұрын ауырғандармен байланыста болған. 108-і (14 пайызы) профилактикалық мақсатта, 8-і (1 пайыз) эпидемиологиялық қадағалау кезінде қаралған. Бұлардың басым көпшілігі – вакцина алмағандар. Жас ерекшеліктері бойынша коронавирус жұқтырушылар 41-60 жас аралығында (208) көп болып отыр.

Соңғы аптада (8-14 қазан) алдыңғымен (1-7 қазан) салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 6,1 пайызға (391-ден 367-ге) төмендеді.

«1 қазаннан бері 135 оқушы және 31 педагогтан коронавирус табылды. Сондай-ақ колледждерде 8, ЖОО-да 8 студент тіркелді. Күні бүгін 8 мектепте 11 сыныптың оқушылары мен мұғалімдерін үй карантиніне көшіру туралы 10 қаулы шығарылды», деді М.Арыспаев.

Бұдан бұрын БҚО-да он мектепте 12 сыныптың карантинге жабылғанын, үйінде оқшаулану талабын бұзғандар 6 млн теңге айыппұл төлегенін жазған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале