26.01.2024, 13:00
Оқылды: 112

БҚО-да сот өкілдері брифинг өткізді

Бүгін облыстық мәслихат залында БҚО соттарының былтырғы жұмыс қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтті.

сот (4)

Оған сала мамандары мен БАҚ өкілдері қатысып, жыл қорытындысын тыңдап, облыстық соттың 2022 жылмен салыстырғандағы жұмысы туралы мәліметтер алды.

сот (2)

Атап айтар болсақ, азаматтық істер бойынша былтыр 20 541 талап арыз түсіп, 9 182 іс қаралып, шешімі шығарылған. Сондай-ақ облыстық сот басшылығы сотта және соттан тыс бітімгершілік рәсімдерге ерекше назар аударып, жұмысты жақсарту бойынша ұсыныс әзірлеп, апта сайын мониторинг жүргізіліп отыратыны туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқа төрағасы Тұрсын Сапашқызы айтып өтті.

сот (3)

- Жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлеу мақсатында сот бекіткен деректердің дұрыстығы мен келісімдердің заңдылығын тексеріп, бітімгерші-судьялардың жұмысына талдау әрбір жарты жыл сайын жүргізіледі. Былтыр 2 522 азаматтық іс татуласу арқылы тоқтатылды. Бұл аяқталған медиация істерінің жалпы санының 34%, - деді.

Сондай-ақ спикер облыс соттарында сот төрелігін жүзеге асыру сапасының 0,1%-ға жақсарғанын жеткізді.

Айта кетейік, 2023 жылы облыс соттары қараған қылмыстық іс 2022 жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға төмендеген.

БҚО Өңірлік

коммуникациялар қызметі

Фотоға түсірген: Мәди Салық

zhaikpress.kz

сот (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале