25.08.2026, 9:15
Оқылды: 9

БҚО-да сотпен ақталған тұрғын 3 млн теңге өндіріп алды

Орал қаласының № 2 сотында тұрғынның талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды,- деп жазады kaz.inform.kz.

ЖП АҚША

Фото: Сайт архивінен

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған тұрғын Қаржы министрлігі мен БҚО полиция департаментін моральдық зиянды өтеу және қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылғаны үшін барлық ведомстволық сайттарда жариялау арқылы ресми жазбаша кешірім сұрауға міндеттеуді сұраған.

Сот К-ның әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты кінәсіз деп танылып, ақталғанын және сот залында қамаудан босатылғанын анықтады.

Сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылуы салдарынан келтірілген залалды өтеуге құқығын таныды. Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен К-ға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылған.

Сот талап қоюшының өзіне келтірілген моральдық азаптың ауырлығына берген субъективті бағасын да, оны растайтын объективті деректерді де ескере отырып, әділдік, парасаттылық және жеткіліктілік өлшем шарттарына сүйене келе, моральдық зиянды өтеу мөлшерін 3 млн теңге деп белгіледі.

Талап қоюшы сот үкімі негізінде ақталған. Осыған байланысты сот заң нормаларын сөзбе-сөз түсіндіру негізінде полиция департаментін ресми жазбаша кешірім сұрауға міндеттеу туралы талапты қанағаттандыруға жатпайды деп есептеді.

— Анықталған мән-жайларды ескере отырып, сот К-ның талап қоюын ішінара қанағаттандырды, жауапкерден 3 млн теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу сомасын өндіріп алды. Ал К-ның талаптарының қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ, — деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале