18.11.2024, 15:32
Оқылды: 75

БҚО-да сотталған тұрғынға мүгедектігіне байланысты жәрдемақы тағайындалды

№28 мекемесінде жазасын өтеп жатқан  М. ІІ топтағы мүгедектігіне байланысты жәрдемақы тағайындалды. Бұл туралы БҚО-дағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

69a9d341-cdb5-44bb-ba2c-3f966b625555

Фото: департаменттен

Сотталғандардың құқықтарын сақтау және олардың денсаулығын қолдау – түзеу мекемелеріндегі әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі. Осыған орай мекеме қызметкерлері сотталған М-ға ерекше назар аударды.

Әділет аға лейтенанты Н.Кулмағамбетова «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік порталы арқылы көп тірек шынтақ балдақты табыстады.

Медициналық құрылғыны алған кезде сотталған М. өзінің өмір сүру сапасын жеңілдететін осындай қажетті көмек көрсетілгені үшін  алғысын білдірді.

Ол қимыл-қозғалысындағы шектеулердің күнделікті өміріне қиындық тудыратынын және бұл құрылғы оның өмірін айтарлықтай жақсартатынын айтты.

№28 мекемесінің қызметкерлері мүгедектігі бар сотталғандарға уақтылы және сапалы әлеуметтік, еңбек және тұрмыстық көмек көрсетуді басты міндет етіп санайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале