Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Бес әлеуметтік бастама» жобасын іске асыру шеңберінде жеке инвесторлар есебінен колледж студенттеріне арналған 2 жатақхана салу және қайта құру бойынша жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда Орал политехникалық колледж студенттері үшін 150 орындық жатақхана құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын «Болашақ» ЖШС жүргізуде. Ал Батыс Қазақстан индустриалды колледжіне арналған жатақхананың қайта құру жұмыстарын «Орал трансформатор зауыты» жүргізуде. Бұл да 150 орынға есептелген.
Айта кетейік, 2020 жылғы 1 желтоқсанда Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттеріне арналған 144 орындық жатақхана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда облыста 17 мемлекеттік колледж болса, студенттерге арналған 19 жатақхана бар.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі