БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда 1 690 адам жалпы сомасы 612,6 млн теңгеге материалдық көмек алған.
- Облыс прокуратурасы зардап шеккендердің мәселелерін жедел шешу үшін 17 сәуірден бастап қаладағы су басқан аймақтарда 4 мобильді қабылдау бөлімін ұйымдастырды, оған әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының, оның ішінде ТДМ, полиция, антикор және ҰҚКД қызметкерлері кіреді. Бүгінгі таңда 25 бау-бақша серіктестігінің 1000-ға жуық азаматына құқықтық көмек көрсетілді. Бұдан басқа, Оралдағы эвакуациялық пункттерде залалды өтеуге өтінім беру ережесі бойынша буклеттер орналастырылған. Халықтың қолайлылығы мақсатында өтінімдерді қабылдау пункттерінің саны 5-ке жетті. Құқық қорғау органдарының күшімен зардап шеккендердің мүлкінің сақталуы қамтамасыз етілді, – деді Дәурен Омарғалиев.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz