Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 25 жастағы күдіктіні құрықтады. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Фото ІІМ-нің телеграм-каналынан алынды
Ол Ақсай қаласындағы супермаркеттердің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақша ұрлаған.
«Күдікті сауда орнының әкімшісін аңдып, аулаға шыққан кезде ұрып-соғып, кілтін тартып алып, дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кірген. Ол жерден алты миллион теңгеге жуық апталық табысты жымқырып кеткен.
Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.
zhaikpress.kz