15.02.2024, 11:15
Оқылды: 527

БҚО-да супермаркеттен алты миллион теңге ұрлаған қарақшы ұсталды

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 25 жастағы күдіктіні құрықтады. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

C6F4355C-E6E6-4773-9578-264B8232A129

Фото ІІМ-нің телеграм-каналынан алынды

Ол Ақсай қаласындағы супермаркеттердің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақша ұрлаған.

«Күдікті сауда орнының әкімшісін аңдып, аулаға шыққан кезде ұрып-соғып, кілтін тартып алып, дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кірген. Ол жерден алты миллион теңгеге жуық апталық табысты жымқырып кеткен. 

Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале