28.09.2026, 15:30
Оқылды: 10

БҚО-да "Таза Қазақстан" акциясы аясында 7 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

БҚО-да "Таза Қазақстан" акциясы аясында 7 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

b59dd345-ecd6-4d13-a7ca-65e9bf0bb4e1

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері осы бағытта 6 932 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде: – жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс орындарда сауда жасаудың 1 013 фактісі; – ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 365 фактісі; – қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдірудің 5 554 фактісі анықталды. Сонымен қатар санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау және олардың алдын алу мақсатында 2025 жылы облыс орталығындағы 50 контейнерлік алаң бейнебақылау камераларымен жабдықталған болатын. Бұл камералар Батыс Қазақстан облысы ПД Жедел басқару орталығына қосылған.

Бейнеаналитика жүйесі қоқыс контейнерлерінің толу деңгейін және адамдардың контейнерлердің сыртына заттарды қалдырып кету жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жыл басынан бері осы камералар арқылы 40 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – ортақ жауапкершілік. Осы ретте ПД қызметкерлері тұрғындарды санитарлық тазалық талаптарын сақтап, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға, абаттандыру қағидаларын бұзбауға шақырады және бұл үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале