Бүгін Батыс Қазақстан облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірдің барлық қала және аудандарын қамтыған ауқымды іс-шаралар өтті.

Акцияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ірі компания өкілдері, жастар және еріктілер қозғалысының мүшелері, сондай-ақ өңір тұрғындары отбасыларымен бірге белсене қатысты. Акция шын мәнінде бұқаралық әрі біріктіруші сипатқа ие болды.

Қатысушылар көшелерді, аула аумақтарын, саябақтар мен скверлерді тазалап, жол бойындағы аумақтарды және үйлердің қоршауларын ретке келтірді. Сонымен қатар, абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық акцияны «WordGreen Company» ЖШС, «Жайық ет» ЖШС, «Аксай Газ Сервис» АҚ, «KMG Parker Drilling Company» ЖШС сынды ірі компаниялар белсенді түрде қолдады.

Жалпы, 423 жерде 760 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Акцияға 10 000-нан астам тұрғын қатысып, 120-дан астам техника жұмылдырылды.

