5.07.2024, 14:45
Оқылды: 195

БҚО-да Telegram арқылы вейп сатқан тұрғын ұсталды

«Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала тұрғынын ұстады. Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі хабардар етті.

8AA955BA-7F56-4F49-A75D-4B6F48C66AB7

Ол Telegram мессенджерінде интернет-дүкен арқылы сатуға тыйым салынған электрондық темекілерді заңсыз сатумен айналысқан. Тұрғын кәмелетке толмаған жасөспірімге электронды темекі сату кезінде ұсталды. Жасөспірім 6 500 теңге төлеген. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында жүзге жуық бірреттік темекі, оны шегуге арналған 137 құрылғы мен сұйықтық табылып, тәркіленді.

Темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін (вейп), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша Орал қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметі азаматтарға Мемлекет басшысы шекпейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістер мен оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салатын заңға қол қойғанын еске салады.

Азаматтарға темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды сатқаны және таратқаны үшін 2024 жылы 200 АЕК (738 400 теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале