Дін саласында жүрген мамандар да үнемі оқып, ізденіп, білімдерін арттырып жүрулері керек. Осы бағыт та БҚО Дін істері басқармасы биыл бірнеше бағытта оқу семинарларын өткізуді жоспарлап отыр.
Бүгін сондай семинарлардың бірі өз жұмысын бастады. Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары, теологтар мен имамдар қатысып отыр.
- Дін саласы өте нәзік сала. Бұл салада жүрген мамандар өте ұшқыр ойлы заманауи болуы керек. Әсіресе бүгінгі уақытта теологтар көп тілді, заманауи, жаңаша ойлайтын маман болуы керек, - деді семинарда сөйлеген "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті "Әбу- Ханифа" зерттеу орталығы директорының орынбасары Сырым Шәкизада.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz