Авиациялық төтенше жағдай кезінде министрліктің төрт қызметкері көз жұмды.

Олардың қатарында аға бортмеханик-нұсқаушы Сиязбек Андосов Шажалиұлы, ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов Сабырбайұлы, екінші пилот Владимир Афанасьев Константинович және жетекші инженер Жәрдем Досқалиев Қуанышқалиұлы бар.

«Қазақстан ТЖМ ұжымының атынан 2023 жылғы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының аумағында авиациялық оқиға кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», деп жазды ҚР ТЖМ ресми парақшасында.


zhaikpress.kz