24.04.2026, 19:00
Оқылды: 9

БҚО-да «Tomorrow School» өңірлік кампусы ашылды

Батыс Қазақстан облысында жасанды интеллект пен ІТ саласындағы жаңа білім беру мүмкіндігін ұсынатын «Tomorrow School» жобасының өңірлік кампусы ресми түрде ашылды. Аймақ үшін маңызды бастама Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіНДЕ таныстырылып, өңір жастарына халықаралық деңгейдегі цифрлық білімге жол ашты.

87d13b1c-ebf6-4dd8-976b-3b780e3bd17c

Tomorrow School — халықаралық 01 Edu платформасы негізінде құрылған, Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі. Жоба Alem.ai Foundation қоры арқылы жүзеге асырылып отыр. Оның басты мақсаты — болашақ экономикасына қажетті бәсекеге қабілетті ІТ мамандарын даярлау және тұрақты адами капитал қалыптастыру.

c8c8ecb8-75f2-43a1-a55a-2a8e811df382
Бағдарламаның ерекшелігі — оқу үдерісінің толықтай тәжірибеге негізделуі. Қатысушылар нақты жобалар орындап, бір-бірінің жұмыстарын бағалау арқылы білім алады. Бұл модель теориядан гөрі практикалық дағдыға, сыни ойлауға, командалық жұмысқа және дербес шешім қабылдауға бағытталған.

15d43fce-257b-44eb-916f-e60188bf966b
Оқу бағдарламасы базалық бағдарламалаудан бастап жасанды интеллект, машиналық оқыту және заманауи ІТ-инженерия бағыттарына дейінгі толық циклді қамтиды. Ең бастысы — білім алу толықтай тегін және Қазақстанның 18 жастан асқан барлық азаматтарына қолжетімді. Алдын ала ІТ тәжірибесінің болуы талап етілмейді.Кампус тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Бұл қатысушыларға оқу кестесін өздері жоспарлап, білім алуды жұмыспен немесе басқа оқумен қатар алып жүруге мүмкіндік береді. Мұндай икемділік қазіргі заман талабына сай білім берудің жаңа үлгісін қалыптастырады.

cf7ddae5-fbbf-41a1-b95c-e34ce135831d
Батыс Қазақстан облысында өңірлік кампустың ашылуы жергілікті ІТ-экожүйені дамытуға, цифрлық экономикаға қажетті жоғары білікті мамандар даярлауға және талантты жастардың әлеуетін өңірде жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл — өңірдің технологиялық болашағына салынған маңызды инвестиция.

Бекзат Қанәділ

Сурет автордыкі

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале