7.09.2018, 18:01
Оқылды: 30

БҚО-да төтенше жағдай бойынша облыстық комиссияның отырысы өтті

Облыс әкімдігінде БҚО әкімінің орынбасары Б.Азбаевтың төрағалығымен төтенше жағдай бойынша облыстық комиссияның отырысы өтті.

Azbaev (1)

. Оған БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Ж.Жұмашев, орынбасарлары подполковник А.Ахметжанов пен азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков, облыстық басқарма басшылары, Орал қаласының әкімі қатысып, онлайн режимінде аудан әкімдері қосылды.

Күн тәртібінде 2018-2019 жылдың күзгі-қысқы кезең жұмыстарына дайындық және су тасқынының алын алу, Азаматтық қорғаныстың дайындығы пысықталып, 2018 жылдың екінші тоқсаны хаттамасының орындалуы қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша А.Ахметжанов баяндама жасады. Оның сөзіне сүйенсек, 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Департамент өрт қауіпсіздігі айлығын өткізеді. Айлық барысында жергілікті полиция қызметімен бірлесе өрттің алдын алу және тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды анықтау үшін жаднамалар мен үнпарақтар таратылып, рейд жүргізіледі. Сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс линиясы бойынша арнайы іс-шараларды орындау дайындығы тексерілетін болады.

Ал азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков өз баяндамасында биыл 1 маусыммен 1 шілде аралығы өңірде өрт қауіпті кезеңі деп жарияланып, алдын алу үшін БҚО-да профилактикалық іс-шаралардың жоспары бекітілгенін айтты.

- Жоспар бойынша Департамент қызметкерлері БҚО ІІД ЖПҚ-ның атты әскер батальоны, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесе рұқсат етілмеген жерде от жаққандарды анықтау үшін демалыс күндері рейдке шықты. Бүгінгі таңда ҚР ӘҚтК 367-б. бойынша жалпы соммасы 360 мың 800 теңге құрайтын 28 әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Н.Таубеков.

Айта кетейік, облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар 12 өрт сөндіру бекетін құрды. Олар 42 елді мекенді тілсіз жаудан қорғауды қамтамасыз етеді.

Жиын соңында Б.Азбаев жұмысты жалпы оң бағалап, алғыс білдірді.

Мұнымен қоса меморгандардың және кәсіпорындардың бірқатар басшыларына ҚР ІІМ ТЖК төрағасы және облыс басшылығы атынан алғыс хат табыстады.

Батыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаменті

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Azbaev Azbaev (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале