7.10.2024, 16:00
Оқылды: 59

БҚО-да тұтқындар трансформатор жасайды

Қазір жазасын өтеуші сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы шаралар қарастырылған. Бұл туралы БҚО-ның Қылмыстық атқару жүйесі департаменті хабарлады.

cc6e316c-5bd7-438a-a91e-0ba5ead0d9cb

Осындай іс-шаралардың бірі – жыл сайын «ашық есік» күні өткізіледі.

Оған қала және облыс әкімдігі, «Атамекен» ҰКП, «Ақжайық» ӘКК, БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, сондай-ақ ШОБ өкілдері қатысады.

Бүгінде облыста 1 000-нан астам сотталған адам жазасын өтеп жатыр. Олар жеке кәсіпкерлер және «Еңбек-Жайық» РМК филиалы арқылы 49% жұмысқа орналастырылған.

Сонымен қатар жұмысқа орналасудың артықшылықтарының бірі – сот үкімі бойынша қарызды өтеу, алимент төлеу. Алайда бұл аз мөлшерді құрайды. Айта кетейік, ШОБ матадан, былғарыдан, ағаштан, пластиктен және металдан жасалған бұйымдар шығарады.

Бүгінгі таңда сотталғандар қалалар мен ауылдарға жіберілетін әртүрлі трансформаторлар жасайды. Өндірістің бұл түрі республиканың түзеу мекемелерінде жаңашылдық болып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале