2.07.2023, 12:28
Оқылды: 95

БҚО-да Ұлттық домбыра күні аталып өтуде

Бүгін – Ұлттық домбыра күні. Осыған орай өңірде қазақтың жаны болып табылатын халықтық аспаптың құрметіне арналған шаралар кеңінен ұйымдастырылуда.

3105CAC8-7BE9-4287-B0AA-6B21624EA8BE

Мерекелік шаралар Құрманғазы мен Дина ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды. Кейін жиналған Ғарифолла Құрманғалиевтың және Қадыр Мырза Әлі ескерткішіне гүл шоғын қойды.

A3CCBB5E-8782-4AB7-824F-110321B34233

Дәл қазір «Атамекен» өнер ордасында күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған домбыра жасаушы шеберлердің «Домбыра – дастан» облыстық фестивалімен жалғасуда.

5BF7CE88-EEEE-4FFB-8C50-B9C69031F2C1

Оған арнайы қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов батысқазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

C4D91E4F-E7C6-498A-A7F5-DFCA64D75EAE

– Ұлы даланың өнерін ұлықтаған өнер сүйер ағайын! Тыңдарман жұрттың құлақ құрышын қандыратын әсем әнде, күмбірлеген күйде, төгілген жыр да домбыра көмейінен шығатын қоңыр дауыс. Домбыра – қазақтың бойтұмары, ұлттық құндылықтың символы. Домбыра – қазақ ұлтының тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, ел басына қатер төнген тұста көңіліне жұбаныш бола білген киелі де қасиетті аспап.

494999E5-1BB3-492E-B2C8-38443A94D3F5

ҚР Президентінің 2018 жылғы 12 маусымдағы Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалып, тарих күнтізбесіне енді. Содан бері бұл мереке биыл бесінші жыл аталып өтіп келеді.

420E01F4-F4E5-459F-9467-21191A18C5B3

Ұлттық Домбыра күні – бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтайтын, ой салатын, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосатын шуақ пен шаттыққа толы мерекеге айналды. Домбыра үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған. Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы. Домбыра жай ғана аспап емес, біздің бойтұмарымыз. Үні қазақты тербетсе, күйі әлемді тербете алады.

C8E8893A-5B6B-413C-881A-A4BAE3BBDD14

Күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Дина әжеміз қасиетті домбыраның орындауында шанағынан күй төгілтіп өскелең ұрпағына өшпес мұра қалдырды.

974BA802-F543-4625-9D43-4A8115D55733
Солардың сарқытындай боп бізге жеткен киелі аспаптың жарқын үні кешегімізге куә, бүгінгімізге қазына, болашағымызға бағдар. Қазақтың әр шаңырағында төрімізден ойып тұрып орын алатын, асыл қазынамыз домбыра күнінде баршаңызға амандық тілей отырып, көңілдеріңіз күймен өмірлеріңіз әнмен өрнектеле берсін демекпін!
Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнерi, тарихы бiрге жүредi, - деді Бақытжан Бақытжан Хаберұлы.

E91789E2-2D35-44A2-973D-B815700EEA53

Шара фестивальдің қорытындысы бойынша тарихи тұлғалар домбырасының көшірмелерін жасаған домбыра шеберлерін марапаттаумен жалғасуда.

0A5FF339-0ADA-4ABC-87D2-99CA39ACEB3C

69583035-484B-47BB-A0CC-2BDFD557EB38

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале