30.09.2020, 17:41
Оқылды: 29

БҚО-да үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі шешілмек

Бұл туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиев облыстық мәслихаттың XXXVIII сессиясында депутаттар алдындағы есебінде айтты.

20170905163922

– Білім сапасымен қатар, білім ордаларының инфрақұрылымына аса мән берілуде. 2020 жылдың басында 7 үш ауысымды және 7 апатты жағдайдағы мектебіміз болған. Осы жылы 5 мектепте үш ауысымды мәселесі шешіледі, келесі жылы қалған 2 мектептің мәселесін шешуге мақсат қойып отырмыз. Осы мақсатта биыл 450 орындық мектеп пайдалануға беріліп, оған эстетикалық бағыттағы гимназия көшірілді.

Апатты мектептер бойынша осы жылы жаңа құрылыс есебінен 2 мектептің мәселесі шешіледі, қалған мектептерді 2021-2022 жылдары шешуді жоспарлап отырмыз.

Осы жылы жалпы облыс бойынша 8 млрд. теңге қаражатқа 6 мектептің құрылысы жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында биыл 4,5 млрд. теңгеге Орал қаласы мен барлық аудандардың 33 білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтуде.

Осы жерде айта кететін жәйт бұрын айтып жүргендей, бұл мәселені шешу үшін жеке инвесторларды тарту есебінен осы жылы
2 мектептің құрылысы басталады («Каз-Холл» ЖШС, Орал қаласының №31 мектебі, «Нуркапстрой» ЖШС, Орал қаласының №52 мектебі).

Осы жылы Республикалық физико-математикалық мектеп біздің облыста мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қосымша білім беру орталығын ашуды жоспарлап отыр, ал 2021 жылдың жаңа оқу жылында 1-6 сынып оқушыларына арналған «Fizmat Academy» мектебі ашылатын болады, – деді Ғали Есқалиев.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале